Планетаны құтқару технологиясына құйылған инвестиция рекордтық деңгейге жетті
Планетаны құтқару технологиясына құйылған инвестиция рекордтық деңгейге жетті
3 жыл бұрын 1183 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Stephane Mahe / Reuters

Жаһандық жылыну мен оның салдарынан орын алған климат өзгерісіне қарсы күресте пайдаланылуы тиіс технологиялар стартапы биыл рекордтық деңгейге жетіпті – 32 млрд доллар. Бұл жайында islam.kz порталы осындай дерек келтіріп отырған Dealroom сараптама компаниясының және London&Partners жарнама агенттігінің есебіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, климаттық стартаптарға құйылған венчурлық инвестиция (венчурлық инвестицияның тәуекелі жоғары келеді, өйткені, ол ұзақ мерзімге арналған жаңа жобаларға салынады – ред.) мөлшері соңғы бес жыл ішінде 4,9 есеге артқан – 2016 жылы 6,6 млрд доллардан 2021 жылы 32,3 млрд долларға дейін өскен. Бұл тарапта Еуропа көш бастап тұр – 2016 жылы 1,1 млрд доллардан 2021 жылы 8 млрд долларға дейін ұлғайған. Ал екінші орыннан АҚШ көрінген – соңғы бес жылда 2,9 млрд доллардан 17 млрд долларға дейін (ескерте кетеміз: бұл арада инвестиция сомасы емес, ең алдымен инвестиция динамикасы ескеріліп отыр – ред.). Сарапшылардың айтуынша, климаттық стартаптарға инвестиция мөлшері 2015 жылы қабылданған Париж келісімінен кейін күрт артқан.

0 пікір
Мұрағат