Патриархат криптовалютаға батасын берді (видео)
Патриархат криптовалютаға батасын берді (видео)
5 жыл бұрын 1965 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мәскеу патриархаты шіркеуде орындалатын жөн-жоралғысын цифрлы әмиянға арнады Дәлірегі, Мәскеу мегаполисіндегі кеңселердің бірінде электронды ақшаны христианша аластау жөн-жоралғысы өтті. "Әулие" әкей Всеволод Prizm логотипі бейнеленген парақшаларды "киелі" сумен бүркіп, осынау салтанатты діни рәсімге келгендердің әрбіреуіне жеке-жеке батасын берді. Айналып келгенде, бұл да жарнаманың бір түрі - аты аталмаған компания өкілдері криптовалютаның бағасын көтеру, бағамын арттыру үшін осындай қадамға барып отырғаны айдан анық. Артынан белгілі болғандай, православ пірәдары криптовалютаны аластау жөн-жоралғысын тегін орындамаған - священник ақысын Ресейдің ұлттық валютасы - рубль түрінде алған. Coinmarketcap келтірген мәліметке қарағанда, Prizm-нің бағасы қазіргі уақытта 12 рублді құрайды. Өткен жылдың маусым айында бағамы шырқап, PZM-нің бір токені 1,1 долларға жеткен болатын. 

0 пікір
Мұрағат