Пастор-исламофобтың үстінен қылмыстық іс жүргізілді
Пастор-исламофобтың үстінен қылмыстық іс жүргізілді
11 жыл бұрын 2899 Пастор МакКоннелл

Солтүстік Ирландиядағы мұсылман жамағатының жетекшілері Белфаст пасторы Джеймс МакКоннеллдің уағыз кезінде асыл дінімізге тіл тигізіп, жала жапқаны үшін полицияға шағым түсірді. Ол Уайтвелдегі шіркеуде айтқан уағызында исламды: «Дінсіздік», «Шайтанның культы», - деп аузына келгенін көкіген екен. Онымен қоймай, Британияның барлық аумағында христиан тұрғындарына қатер төндіретін: «Мұсылмандардың астыртын ұйымдары пайда болды», - деп соқты.

Белфаст ислам орталығының өкілі Раид әл-Уаззан теледидар арқылы пастордың шырқ бұзар исламофобиялық әрекеті үшін жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Раид әл-Уаззан мұсылмандардың елдегі өзге наным-сенім өкілдерімен осы уақытқа дейін шәй деспей келгенін тілге тиек етіп, мұндай келеңсіз жағдайға бірінше рет тап болып отырғандарын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат