Парсы тілі интернет кеңістігінде 5-ші тілге айналды
Парсы тілі интернет кеңістігінде 5-ші тілге айналды
2 жыл бұрын 1623 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Интернет – осы заманғы адам өмірінің ажырамас бөлігі, осы кеңістікте қолданылуы жағынан парсы тілі бесінші орынға көтерілді. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, оны қолданыстағы сайттардың 3,4%-ы пайдаланады. Бұған W3Techs аналитикалық агенттігі жүргізген зерттеу нәтижелері дәлел. 2019 жылы парсы тілі алғаш рет бір қолдың саусақ санындай интернеттегі ең танымал бес тілдің құрамына енді. Алайда, 2020 жылдың екінші жартысында Covid-19 пандемиясына байланысты бұл көрсеткіш 3%-ға төммендеп кетті. Тек 2021 жылдың бірінші жартысында танымалдылығы тағы артты. W3Techs талдау орталығының келтірген мәліметіне сәйкес парсы тілі ағылшын және араб тілдеріне қарағанда танымал болған. Ал түрік тілінің танымалдылығы парсы тіліне қарағанда анағұрлым жоғары болған екен. Бүгінде интернет кеңістігінде түрік тілі қолданылуы жағынан үшінші орыннан көрініп отыр. Екінші орында орыс тілі тұр. Оны қолданыстағы сайттардың 5,9%-ы пайдаланатын болып шықты. Ал бірінші бұл тізім бойынша ағылшын тілі бұрынғыша көш бастап тұр - 54,7% сайт пайдаланады.

0 пікір
Мұрағат