Парсы елінің темір кенішінің қоры 3,8 миллиард тоннаға бағаланды
Парсы елінің темір кенішінің қоры 3,8 миллиард тоннаға бағаланды
9 ай бұрын 925 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранның Геологиялық қызмет және пайдалы қазбаларды барлау басқармасының (GSI) жетекшісі қазіргі уақытта ел аумағындағы темір кенішіндегі қор 3 миллиард 800 миллион тонна екенін хабарлады және алдағы барлау жұмыстарымен бұл көрсеткіштің артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген ол темір қоры 15 жылға дейін молынан жететінін, яғни, аталған мерзімде темірге деген қажеттілікті молынан қанаттандыратынын жеткізді. 81 түрлі пайдалы қазбасы бар Иран әлемдегі минералға бай 10 елдің қатарына кіреді. Осыған байланысты Иран билігі тау-кен секторын ел экономикасының көтеретін негізгі қозғаушы күш ретінде дамыту үшін бірнеше бағдарламаны байыпты түрде жүзеге асыруда. Парсы елінің жалпы дәлелденген кен қоры 60 миллиард тоннаға бағаланып отыр, бұл тараптағы көрсеткіш индустрия, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрлігінің 500 000 шаршы шақырым жаңа минералды аймақтарды барлау бағдарламаларын жүзеге асыруымен байланысты 100 миллиард тоннадан асып түсуі мүмкін. Аталған елдің осы саладағы үлкен әлеуетіне қарамастан қажетті техника мен құрал-жабдықтардың жоқтығы, Америка құрама штаттары бастаған батыс елдерінің санкциялары мен шектеу шараларына байланысты қаржы ресурстары мен шетелдік инвестициялардың болмауы сияқты бірнеше мәселелерге байланысты Иранның тау-кен өнеркәсібі секторы толыққанды жұмыс істей алмай отыр. Осыны ескерген Иран билігі бұл саланы дамыту үшін ішкі ресурстарды пайдалану жолдарын қарастыруда.

0 пікір
Мұрағат