Парламент ақпанның 1-і күнін Хиджаб күні ретінде ресми мойындады
Парламент ақпанның 1-і күнін Хиджаб күні ретінде ресми мойындады
8 жыл бұрын 8741 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Филиппиннің парламенті нөмірі 968-ші заң жобасын мақұлдады. Аталмыш заң жобасында ақпан айының 1-і күнін Ұлттық хиджаб күні ретінде ресми мойындау қарастырылған. Парламент  депутаты Жалия Турабин-Хатаман мұндай заң қабылдау мақсатын шариғат шәлісін жамылуды хақ дініміздің шарты ретінде мемлекеттік деңгейде танытып, ел арасында хиджаб туралы таралған жаңсақ ұғымдарға тойтарыс берумен байланыстырып түсіндіріп берді. Осыған орай Ұлттық хиджаб күнініне байланысты өткізілетін іс-шараларды ұйымдастырумен филиппиндік мұсылман әйелдер ісі жөніндегі мемлекеттік комиссия айналысатын болады. Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын ақпан айының 1-і күні  Хиджаб күнін ата өтуді Назым Хан есімді америкалық мұсылман ойлап тапқан болатын. Оның бастамасы әлемде қолдау тауып, дәстүргі айналып келеді. 

0 пікір
Мұрағат