Пандемия өршіп тұрғандағы хасидтердің әрекеті наразылық тудыруда (видео)
Пандемия өршіп тұрғандағы хасидтердің әрекеті наразылық тудыруда (видео)
4 жыл бұрын 3187 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Вильямсбургтегі Йетев Лев синагогасында қазан айының 8-і күні 7 мың адам жиналды. Ұлы сатмарлық раввин Аарон Тейтельманның (Aaron Teitelman) немересі Йоэл Тейтельбаумнің (Yoel Teitelbaum) үйлену тойын мерекелеу үшін. Нью-Йорк штатының губернаторы жұқпалы індеттің бет қаратпай тұрғанына байланысты енгізген шектеу шарасына қарамай той өткізген хасидтер әлеуметтік арақашықтықты сақтамай, маска да тақпай, тыйымды бұзғаны таспаға тартылып қалды. Бұл инцидентке байланысты қалалық жылдам жауап қату қызметінің жетекшісі Митч Шварц (Mitch Schwartz) жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін елемегені үшін тексеру шаралары жүргізілетінін жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы ағылшын тілінде хабар таратын Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

Қысқаша анықтама: Хасидттік – иудаизмдегі діни ағым, XVIII ғасырдың алғышқы жартысында пайда болған. Былайша айтқанда, ортадоксалды иудей ретінде сипатталады. Олар Жаратушыны ақылмен немесе санамен емес, сезіммен, дәлірегі, эмоциямен танып-білуді маңызды санайды.

 

0 пікір
Мұрағат