Пәкістан Үндістанды тежеп ұстауға көмектесетін тағы бір қаруын сынақтан өткізді (видео)
Пәкістан Үндістанды тежеп ұстауға көмектесетін тағы бір қаруын сынақтан өткізді (видео)
3 жыл бұрын 1669 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан отандық Babur 1B қанатты зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz  порталы eadaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұшу қашықтығы 900 шақырымға жететін аталған қару өз кезегінде жер дауы (Кашмир) бар Үндістаннан тікелей төнетін қауіптің ықтималдылығын азайтуға көмектеседі, дәлірегі, Үндастан тарапынан болатын ықтимал шабуылға тойтарыс беруге арналған. Бұл зымыранның 2010 жылдан бері Пәкістан қарулы күштерінде бар бұрынғы нұсқасының ұшу қашықтығы 450 шақырымнан аспайтын еді. Қанатты зымыран технологиясын жетілдіру арқылы осындай жетістікке қол жеткізе алды. Ядролық оқтұмсық алып жүре алатын бұл зымыран теңіздегі және құрлықтағы жау нысанын мүлт кетпей атып түсіре алады. Бұл сынаққа Стратегиялық жоспар бөлімінің бас директоры, генерал-лейтенант  Надим Заки Манж, Ұлттық инженерлік және ғылыми комиссия жетекшісі Раза Самар, Құрлық әскерінің стратегиялық күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұхаммед Әлі секілді лауазымды әскери тұлғалар қатысқанына қарап, аталмыш зымыранның стратегиялық маңызын аңғаруға болады. Тарихқа сәл шегініс: зымыранның «Бабыр» аталуы тегін емес – астарың қалың: Бабыр – Үндістанға жорық жасаған, әлемге әйгілі, қаһарлы Ақсас Темірдің немересі. Үндістан мен  Ауғанстан падишаһы болған сардар, шайыр, т.б. Григориан күнтізбесі бойынша 1483 жылы Орта Азия аймағында, дәлірегі, Ферғанада дүниеге келген. Үндістанмен араз Пәкістан бұл зымыранына езінде Үнді елін билеген Бабыр есімін қоюының осындай астары бар.

0 пікір
Мұрағат