Пәкістан цифрлы технологияға көшуде маңызды қадам жасады
Пәкістан цифрлы технологияға көшуде маңызды қадам жасады
2 ай бұрын 564 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан астанасындағы барлық негізгі нарықтарда қолма-қол ақшасыз, яғни, QR-код негізінде есеп айырысудың төлем жүйесі енгізіліп жаатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пәкістанның капиталды дамыту басқармасының қадағалауымен іске қосылған бастама бойынша Исламабад елдегі ең алғашқы цифрлы қалаға айналуы тиіс. Осылайша Пәкісан цифрлы трансформация үшін елеулі қадам жасады. Пәкістанның капиталды дамыту басқармасының жетекшісі Мұхаммед Әлі Рандхуа QR-код жүйесінің аса ірі «Sasta Bazaars» (субсидияланатын нарықтар) іске қосылғанын жария етті. Бұл жоба ірі сауда супермаркеттерін, сауда орталықтарын қамтитын болады. Осылайша қауіпсіз әрі ашық, тиімді төлем жүйесі арқылы қаржылық опреацияларды жүзеге асыруға кірісті. Бұдан бөлек, цифрлы төлем көлік қызметтерінде де іске қосылады. Жолаушылар мен жүктер тасымалында да кеңінен енгізіледі. Қауіпсіз және үздіксіз транзакцияларды қамтамасыз ету үшін цифрлы төлем жүйесі Пәкістан мемлекеттік банкінің Raast ID платформасымен біріктірілді. Бұл жобаға елдің өзге де банктіре мен қаржы мекемелері тартылатын болады.

0 пікір
Мұрағат