Пәкістан тәліптер режимінен қашқан 1 млн-нан аса ауған азаматын ел аумағынан шығаратын болды
Пәкістан тәліптер режимінен қашқан 1 млн-нан аса ауған азаматын ел аумағынан шығаратын болды
1 жыл бұрын 758 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан билігі ел аумағында заңсыз тұрып жатқан 1,7 млн-ға тарта ауған азаматын еліне қайтура туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Geo TV телеарнасына жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Визасы жоқ ауғандар, соның ішінде тиісті құжат мерзімін ұзартуға жатпайтын адамдар депортацияланатын болады. Бұрын Пәкістанда заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерге елден өз еркімен кетуге бір ай уақытқа мұрсат берілгенін айта кету керек. Осы кезеңнен кейін жергілікті құқық қорғау органдары ел аумағындағы заңсыз мигранттарды анықтап, оларды депортациялау бойынша ауқымды шара бастайды. Қазіргі уақытта Пәкістанда 1,1 миллионға жуық ауған азаматы заңсыз тұрып жатыр. Пәкістан жағының бұл шешіміне тәліптер өз ұстанымын білдірді: ауған мигранттарын еркінен тыс елден қууды құптамайтынын мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат