Пәкістан мен Қытай өзара ақша аударымдарын тек юанмен жүзеге асыратын келісімге келді
Пәкістан мен Қытай өзара ақша аударымдарын тек юанмен жүзеге асыратын келісімге келді
2 жыл бұрын 1963 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: REUTERS/Dado Ruvic

Бұл келісім, Қытай халық банкінің мәлімдеуінше, өз кезегінде екі елдің кәсіпорындары мен қаржы ұйымдарының қытайдың ұлттық валютасымен өзара ақша аударуына мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Пәкістан мен Қытай арасында трансшекаралық ұйымдардың қытай валютасымен ақша аударымы туралы ынтымақтастыққа қол қойылды. Пәкістан премьер-министрі Шаһбаз Шәріптің Қытайға жасаған ресми сапары аясындағы бұл келісім, сондай-ақ, аталған екі елдің экономикалық байланысын нығайтып, өзара сауда-саттық пен инвестиция мөлшерін арттырады. Бұдан бөлек, Пәкістан-Қытай экономикалық дәліз аясында тараптар «Бір жол – бір белдеу» ғаламдық жобасы бойынша өзара көлік қатынасы және инфрақұрылымды жалғастыруға мүдделік танытты. АҚШ долларынан халықаралық өзара есеп айырысудың құралы ретінде бас тартуға талпыныс Қытай ұлттық валютасын күшейтіп қоймай, сонымен қатар, Қытайдың Пәкістанға экономикалық және саяси ықпалын арттыруға ықпал етеді.

0 пікір
Мұрағат