Пәкістан жаһандық жылынудың қарқынын тұзбен қайтарғысы келеді
Пәкістан жаһандық жылынудың қарқынын тұзбен қайтарғысы келеді
2 жыл бұрын 1953 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістандықтар атмосфераның ластануымен ауа райын қолдан басқару арқылы күреспекші. Пенжаб провинциясының билігі жасанды жолмен жауын жаудыруға бел буып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауаның сапасын жақсарту үшін Лахордың он ауданына күміс йодиді шашылды. Жыл мезгіліне байланысты түрлі заттар шашылады. Жазда сол мақсатта суға араластырылған ас тұзы қолданылады. Аталмыш зат тұманның пайда болуына әкеледі, ол бұлттармен қосылып, жаңбырдың жаууына түрткі болмақ. Пәкістандықтар «бұлтты қалыптастыру» тәжірибесін Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қытайдан және Үндістаннан алды. Ауа райын мұндай қолдан басқару әдісінің салдарын болжау мүмкін емес, деп ескертеді экологтар. Атмосфераға шашылған заттардың артық мөлшері өз кезегінде тіршілікке қолайсыз қалың нөсер мен бұршаққа әкелуі мүмкін. Халықаралық табиғатты қорғау одағының пікірінше, құрғақшылыққа ұрындыруы да мүмкін. Атмосфераның ластануымен күресудің ең оңтайлы әрі қауіпсіз тәсілі – кәсіпорындар мен өнеркәсіптен атмосфераға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін азайту.

0 пікір
Мұрағат