|
Индонезия туристерге бес жылға шақталған көп реттік виза режимін енгізеді
|
Индонезия билігі саяхатшылар үін бес жылға шақталған көп реттік виза режимін енгізбек. Бұл жайында islam.kz порталы The Bali Sun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Визалар туристер үшін D1 индексімен және D2 – іскерлік мақсаттар үшін беріледі. Өтінішті 2024 жылдың қаңтар айынан бастап беруге болады және жаңа құжаттың құны 15 миллион рупиді құрайды. Визаның екі түрі де елге 60 күнге дейін кіруге мүмкіндік беретіні нақтыланды. Оның аралық мерзімі көрсетілмеген. Көп реттік визаны алудың бірден-бір шарты - Индонезия тарапынан шақыру келуі керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді