Пәкістан арабтардың төлем жүйесіне қосылды
Пәкістан арабтардың төлем жүйесіне қосылды
2 ай бұрын 591 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан Араб валюта қорының төлем платформасына қосылды. Бұл оқиға аталған елдің араб мемлекеттерімен қаржылық байланысты нығайтуға әрі трансшекаралық транзакцияны қамтамасыз етуге бағытталған интеграцияның маңызды кезеңі ретінде тарихта қалатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екі елдің арасындағы мұндай келісім шетелдегі пәкістандықтарға сыртқа ақша аудару кезіндегі қандай да бір кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік бермек. Осылайша Пәкістан елдің валюта саясаты мен экономика үшін маңызды орын алатын ақша аударымын жеңілдетуге әрі өзінің қаржылық экожүйесін жетілдіруге бастайтын елеулі қадам жасады. Пәкістан халықаралық цифрлы төлем жүйесіне қосылу арқылы тек транзакциялық операцияларды оңтайландырып қоймай, ақша саясатын орнықты жүргізуге, соның ішінде валюта тапшылығына жол бермеуге мүмкіндік алады. Пәкістанның мемлекеттік банк меңгерушісі Жәміл Ахмет цифрлы төлем транзакциясы бүгінгі таңда әр он күнде 1 трлн рупиден асатынын жеткізді. Мұндай жетістікке, сондай-ақ, Пәкістанның мемлекеттік банк әзірлеген, бірден әрі тікелей ақша аударуға мүмкіндік беретін Raast жүйесі де ықпалын тигізгенін айта кетпекпіз. Ал 2020 жылы іске қосылған, мультивалюталық трансшекаралық төлем жүйесі -  Buna платформасы саудиялық риал, әмірліктің дирхамы секілді валюталарымен де жұмыс істей береді. Таяу болашақта қытайдың юанын да аталмыш төлем жүйесімен қамтуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, Жәміл Ахмет келесі жылдан бастап Пәкістан халқы федералды деңгейде, яғни, ұлттық ауқымда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесіне көшетінін мәлімдеді. 2028 жылға қарай Араб валюта қоры ел жастарының 75 пайызын цифрлық қаржылық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етпек. Бұл науқан аясында цифрлық төлем сервистеріне бес лицензия берілді, ал үкімет қолма-қол ақшасыз транзакцияларды кеңінен пайдалануды ынталандыру үшін сатушының 0,5 пайыздық комиссиясын өзі төлеуді мойнына алды. Пәкістанның қаржы министрі Имдадулла Босал ел тұрғындары көп ұзамай салықты, жалақыны, зейнетақыны, коммуналды төлемақыны қолма-қол ақшасыз төлем жүйесімен қамталытынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Араб валюта қоры жетекшісінің орынбасары Сәлім Олла Пәкістанда мобилді банкингті белсенді пайдаланатындар саны 95 миллион адамға жеткенін, банк шоттары 226 миллион (96 миллион бірегей) болғанын, банк бөлімшелерін 19 мыңды құрағанын, 20 000 банкоматты және 850 000 QR-код сатушыларды қоса алғанда, цифрлық технологияларды енгізу бойынша елеулі жаңалығымен бөлісті.

0 пікір
Мұрағат