Өзіне зорлық көрсеткен жәбірленушіден құтылуға қаржылай көмек беріледі
Өзіне зорлық көрсеткен жәбірленушіден құтылуға қаржылай көмек беріледі
4 жыл бұрын 1624 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Австралия билігі үйдегі зорлық-зомбылықтан қашқан жәбірленушіге 5 мың доллар мөлшерінде көмек көрсететін болды. Өзіне зорлық көрсеткен серігінен құтылып, жаңа өмір бастауы үшін. Бұл жайында islamkz порталы LADbible ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел билігі биыл үйдегі зорлық-зомбылықпен күресуге 1,1 млрд доллар бөлген. Бұл мақсатта мемлекет бюджетінен 165 млн доллар қаражат қарастырылып отыр. Мұндай шара не үшін керек? Статистикалық дерек бойынша зорлық-зомбылыққа жәбірленушілердің көбісі барар жері, басар тауы болмағандықтан амалсыздан көнеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерге төленетін өтемақының 1,5 мың доллары қолма-қол сақша түрінде беріледі, ал 3,5 мың доллары үй жалдауына, баласы болса, соның оқу жарнасына, заңгердің көмегін алуға, азық-түлікке және өзге де аса қажетті тауарларға жұмсалады. Бұдан бөлек, жәбірленушіні қауіпсіз жерге шұғыл жеткізуге 12,6 млн доллар бөлек қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат