Өзі күзеткен тұтқынның себепкерлігімен исламды қабылдаған түрме қызметкері (видео)
Өзі күзеткен тұтқынның себепкерлігімен исламды қабылдаған түрме қызметкері (видео)
3 жыл бұрын 2536 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Стив Вуд Кубада орын тепкен, әлемге әйгілі Гуантанамо түрмесінде күзетші болып жұмыс істеген кезінде тұтқын мұсылмандардың ықпалымен исламды қалай қабылдағанын жеткізді. Ол өзіне Мұхаммед Уәлиад Салах есімді 760-шы нөмірлі мавританиялық мұсылманның ықпалы зор болғанын жасырмады Бұл жайында islam.kz порталы Al Jazeera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стив Вуд Мұхаммед Салахпен танысқаннын кейін АҚШ армиясынан отставкіге кетуге бел буған. Негізі Стив Вуд Ауғанстаннан келген тұтқындарды күзетуге бекітілген. Ол Мұхаммед Салахтың түрмеде азаптауға мойымай, сабырлы қалпында қалатын болмысы ой салған екен. Яғни, тұтқынның басына түскен ауыртпалыққа қасқайып қарсы тұра білген қайсарлығы түрме күзетшісінің исламды қабылдауына әсер еткен.

0 пікір
Мұрағат