Өзгелердікін көшіруден бас тартып, өз жобасын қолға алмақ
Өзгелердікін көшіруден бас тартып, өз жобасын қолға алмақ
3 жыл бұрын 1763 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман The Atlantic ақпарат көзіне берген сұхбатында Арабияның алдағы даму беталысын аңдатты. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ханзаданың айтуынша, Саудияның шетелге құйған инвестициясының мөлшері бойынша АҚШ алдыңғы орында тұр. Жалпы алғанда аталған араб елінің шетелдегі инвестиция мөлшері 800 млрд долларға жеткен. Тақ мұрагерінің сөзіне қарағанда, Саудияның шетелдегі инвестициясы экономикалық мүддеден гөрі саяси ынтымақтастықты ұлғайтуға бағытталған. Яғни, Саудия қандай да бір елге инвестиция құйса, оның тек экономикалық тиімлілігінен бұрын саяси ықпалын арттыруға жасалған қадам деп білуге болады. Ендігі жерде саяси позициясын нығайтудан бұрын экономикалық жобаларға басымдық берілетінін атап өтті. Осылайша шетелдегі инвестиция стратегиясын өзгертпек. Соның ішінде өзге елдердің экономикалық моделін немесе технологиялық жетістіктерін қайталамауға күш салып, өз жобаларын дамытуға қаражатты молынан бөлмек. Саудия 2030 жылға дейін әлемдегі экономикасы дамыған 15 елдің қатарынан ойып тұрып орын алуды мақсат етіп отыр әрі бұл межеге жетуге аталған елдің әлеуеті толық жетеді.

0 пікір
Мұрағат