Өзбекстанда ислам банкингі ашылады
Өзбекстанда ислам банкингі ашылады
7 жыл бұрын 3090 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбек билігі шариғат талаптарына сай қаржы ісі мен инфрақұрылымын жолға қоюға ден қойып отыр. Бұл жайында қоғам талқысына ұсынылған ел президентінің қаулы жобасында айтылған. Өзбек билігі мұндай қадамға тұрғындарының дені мұсылмандар құрайтын халықтың талап-тілегін, кәсіпкерлердің мүддесін ескергендіктен барып отыр. Аталмыш жобада ислами банк пен қаржыны енгізу жөніндегі комиссия құру қарастырылған. Комиссия өз кезегінде ел аумағында ислами банкингті құру мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыратын болады. Егер өзбек жерінде ислами банкинг құрылатын болса, ол түрлі саланы қамтитын болмақ. Атап айтқанда, стандартты бөлшек саудада, соның ішінде, экспорттық-импорттық қаржыландыруда, тұрғын үйді қаржыландыруда, коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында, лизингте, сақтандыруда, сондай-ақ, құнды қағаздар нарығында. Ислами банк, сонымен қатар, құрылымдалған күрделі қаржы өнімдерін (мысалы, венчурлық капиталдағы инвестиция, тікелей инвестиция, тәуекелдерді хеджирлеу, "ислам терезесі" арқылы қызмет көрсетуі үшін елдің коммерциялық банктерін қайта қаржыландыру) ұсынады.

0 пікір
Мұрағат