Өзбекстан аумағынан газдың аса мол қоры табылды
Өзбекстан аумағынан газдың аса мол қоры табылды
3 ай бұрын 1196 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның өнеркәсіп тарихында алғаш рет Үстірт ауданында геологтар 6500 метр тереңдікте бұрғы салып, табиғи газдың мол қорын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ел президенті Шавкат Мірзейдің баспасөз хатшысы Шерзат Асадқа жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Президент «төртінші өнеркәсіптік революция» дәуірінде теллур, селен, молибден, литий, графит, вольфрам, титан және басқа да технологиялық минералдарға сұраныс күрт артып келе жатқанын атап өтті. Ғалымдардың зерттеу нәтижесіне сәйкес Өзбекстанды қоса алғанда, Орталық Азияға осындай табиғи қазбалардың әлемдік қорларының 10-15% -ы тиесілі. Өзбектердің энергетика институты келтірген дерекке қарағанда, өткен жылдың қорытындысы бойынла ел аумағындағы нақтыланған немесе анықталған табиғ газ қоры 1,97 трлн текше метрге бағаланып отыр. Соған қарамастан соңғы жылдары мұндай қазба байлықты игеру, дәлірегі, өндіру көлемі қысқарып келеді – 2019 жылы 59,4 млрд текше метрі өндірілсе, өткен жылы бұл тараптғы көрсеткіш 15 млрд текше метрден аспаған екен. Есесіне, өзбектер жаңғыртпалы энергия көзеріне басымдық беріп келеді.

0 пікір
Мұрағат