Өз азаматтарының қарызын кешірген мұсылман ел
Өз азаматтарының қарызын кешірген мұсылман ел
7 жыл бұрын 4569 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау бағытында ізгі қадам жасады. Нақтырақ айтқанда, ел тұрғындарының жағдайына қарап, медициналық сақтандыру бойынша қарыз болып қалған азаматтардың қарызын кешірді. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Айта кету керек, елдегі барлық әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұрғындар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы медициналық сақтандыру алады, соның арқасында ел аумағындағы кез келген емханада тегін қаралып, қажетті ем-домын алады. Тарқатып айтқанда, табыс деңгейі төмен 280 мың ел тұрғынының тұрмысы нашар. Мемлекетке қарыз 6 млн-нан аса адам бар. Үкімет 2017 жылдың сәуір айының 1-не дейін қордаланып қалған медициналық сақтандыру бойынша барлық қарызды, дәлірегі, 8,5 млрд лира мөлшеріндегі қарызды кешірді.

0 пікір
Мұрағат