Отқа оранған планета: бір жыл ішіндегі орман өрті бір таспаға жинақталған (видео)
|
Ғалымдар 2019 жылы әлемнің әр түкпірінде орын алған орман өртінің аумағы мен ауқымының қаншалықты екенін көрсету үшін таспаға тартып алынғандарын бір видеоға жинақтапты. Осылайша, адамзатқа ой салып, сабақ болса деген ниетпен аталмыш жобаны қолға алған. Олар Ауа райын орташа мерзімде болжаудың еуропалық орталығы мен "Коперник" деп аталатын атмосфераға мониторинг жүргізетін қызмет (CAMS) ұсынған деректерді пайдаланған. Бұл жайында Science Alert ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдардың келтірген мәліметіне қарағанда, Африка құрлығындағы өрттің қарқындылығы жаға ұстатқан: Конго демократиялық республикасының оңтүстігінде және Анголада осы жылдың ішінде 10 мыңнан аса өрт тіркелген. Сарапшылардың есебінше, Африкадағы өртке негізінен жергілікті халықтың ауыл шаруашылығын жүргізудің дәстүрлі тәсілдері мен мал шаруашылығы себеп болған. Яғни, өртең жерге шөп қаулап өседі деген жалған түсініктің кесірінен осыншалықты өрт орын алған. CAMS мағлұматы бойынша биыл, яғни, 2019 жылы әлемнің әр түкпіріндегі орман өртінінен атмосфераға 6 375 мегатонн көмірқышқыл газы бөлінген.