Өтірік айтқаны үшін жарты жылға жұмыстан шеттетілді
Өтірік айтқаны үшін жарты жылға жұмыстан шеттетілді
10 жыл бұрын 2708

Америкалық тележүргізуші Брайан Уильямс Ирактағы соғыс жайында айтқанда көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін жарты жылға жұмысынан шеттетілді. Бұл жайында The New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Ол 2003  жылы Иракта соғыс басталғанда өзі ұшқан ұшақты гранометпен атқылағаны жайында сөз еткен. Оның осы сөзінен кейін соғыс ардагерлері редакцияға хабарласып, шабуыл жасалған тікұшақта Брайан Уильямстың болмағанын, оның өзге шақпен ұшқанын мәлімдеп, өтірігін әшкере етті. Осы өтірігі үшін тележүргізуші жарты жылға жұмысынан шеттетілді әрі оған өтемақы берілген жоқ. Қазіргі уақытта ол жүргізген репортаждарға тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе, Ирактағы соғысқа қатысты жаңалықтарға айрықша шұқшиюда. Тележүргізуші өз кезегінде өткен аптада теледидар арқылы көрермендерден кешірім сұрады. Айта кетейік, оның жүргізген хабарларының рейтингісі аса жоғары болатын – жарнамадан жылына 200 млн долларға дейін табыс түсіретін еді. Тележүргізушінің өзі жуырда телеарнамен бес жылға 10 млн долларға келісімшартқа отырған болатын.

0 пікір
Мұрағат