Жануарлардың тұлыптары еріккендердің ермегіне айналды (фото)
Жануарлардың тұлыптары еріккендердің ермегіне айналды (фото)
9 жыл бұрын 4105

«Естімеген – елде көп» деген осы шығар, Жаңа Зеландияның Ерути қаласында жергілікті мектеп әкімшілігінің ұйытқы болуымен оқушылардың арасында өзгеше жарыс болды, Өзгеше болатыны, оқушылар өлген жануарлардың тұлыптарын түрліше сәндеп, жұрттың назарына ұсынды. Оқушылардың қиялы жүйрік келеді емес пе, олар тұлыптарды боксшыға да, жағажайда күнге қыздырынып жатқан адамға да, т.б. ұқсатып, түрлі жағдайдағы адамның бейнесін беруге тырысқан. Кей жануарлардың тырнағына дейін боялған. Осы оқиғаға қатысты ақпарат жарық көргеннен кейін ғаламторда қызу пікірталас өрбіді. «Балаларды өлтіруге үйретіп, артынан тұлыптарды ермекке айналдыру – барып тұрған ең жексұрын әдет»,- деп өз ойын білдіргендердің қарасы көп. Тіпті, осы тақырыпқа қатысты сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамаға қатысқандардың дені, яғни, 57 пайызы бұл жарысты адамгершілікке жат қылық деп есептесе, қалған 43 пайызы ешқандай ағаттығы жоқ шара деп атаған. Ерутиде өткен осынау біртүрлі шараға байланысты Жануарларға қатал қараудың алдын алу жөніндегі қоғам (SPCA) дабыл қағып, қоғамның назарын аталмыш шараның қаншалықты адамгершіліке жат екеніне аудармақ болды. Осы орайда аталмыш ұйымның баспасөз хатшысы Джекки Поулз-Смит мектеп әкімшілігін ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуі тиіс білім ордасында осындай жабайы әдетке айналып, әлі санасы пісіп-жетілмеген оқушыларды баулып отыр деп айыптады.

В Новой Зеландии прошел конкурс красоты среди мертвых опоссумов

0 пікір
Мұрағат