Османлының соңғы сұлтанының немересі дүниедан озды
Османлының соңғы сұлтанының немересі дүниедан озды
2 жыл бұрын 1288 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Асылдың сынығы, Османлы империясының соңғы сұлтаны Әбдімәжит ІІ-нің немересі Берекет Жаһ 89 жасына қараған шағында бақилық болды. Бұл жайында islam.kz порталы Hurriet ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жас кезінде әлемдегі ең дәулеті шалқыған ауқатты адамдардың бірі болғанына қарамастан қартайған шағында Ыстамбұлда қарапайым өмір сүрді. Берекет Жаһ 1933 жылы дүниеге келген. Оның әкесі - Үндістанның Хайдарабад әміршісі болған Азам Жаһ, ал анасы Ыстамбұлдан қуылған және 1931 жылы Ниццаға қоныстанған Османлы сұлтанының отбасында дүниеге келген ханшайым Дүррушехар Сұлтан болатын. Ол кезде 16 миллион халқы бар Хайдарабад Үндістандағы ең бақуатты, әл-ауқаты жоғары қалалардың бірі болатын. Ол Британ империясының протекторатында болғанымен тәуелсіздігін сақтап қалды. Оның өз байрағы, өз әскері, өзнің төл ақшасы және ұлттық әуе компаниялары болды. Үндістан Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алғаннан кейін - 1948 жылы Үндістан «Поло» операциясы аясында Хайдарабадты бағындырады. Берекет Жаһ әкесінен кейін қала билеушісі бола алмаса да Үндістанда жерленген. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға мыңдаған адам келді.

Abdülmecid'in torunu Bereket Şah hayatını kaybetti - Tele1

0 пікір
Мұрағат