Орталық жүйке жүйесінің жаһандық нарығы биыл 80 млрд доллардан асады
|

GlobalData ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, биыл, яғни, 2025 жылы орталық жүйке жүйесінің (CNS) әлемдік нарығы 80 млрд доллардан асады. Бұл жайында islam.kz порталы Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CNS - биыл өсу қарқыны бойынша терапияның бесінші саласы. Мұндай өсуге ең алдымен шаашыраңқы склерозды емдеуге арналған дәрі-дәрмекті сатудың жоғары деңгейі мен психиатрлық дәрі-дәрмек саласындағы жетістіктер ықпал етіп отыр. Бұдан бөлек, нейроиммунология және нейродегенерация салаларындағы жетістіктер де өз әсерін тигізеді. Бұл саладағы зерттеулердің қиындығына клиникалық проблемаларға және Альцгеймер ауруы мен бүйірлік амиотрофиялық склерозды емдеудегі сәтсіздіктерге кететін шығындардың бұрын CNS терапиясына инвестицияларды баяулатқанын жеткізді GlobalData-дағы фармацевтика сарапшысы Элени Токали.