Орталық Азия балалар семіздігі бойынша екінші орында
Орталық Азия балалар семіздігі бойынша екінші орында
6 жыл бұрын 3219 baq.kz Зарина Қаһарман

Қазіргі уақытта Орталық Азияда балалар семіздігінің таралуы әлем бойынша  екінші орында. Бұл туралы жасөспірім балалардың тамақтануын жақсарту жөніндегі Симпозиумда айтылды.  

Бүгін елордада Қазақстан,  Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Армения, Грузия және Әзербайжан Парламенті депутаттарының, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру министрліктері өкілдері бас қосты. Симпозиум барысында  балаларға арналған дұрыс тамақтану жүйесін қамтамасыз ету және оны басқаруды жақсарту үшін өзара іс-шаралар жайлы талқылап, оларды бекітетін болады.

"Бүгінде Орталық Азияда балалар семіздігінің таралуы әлемде екінші орында (10, 7%), сонымен қатар 2000 жыл мен 2017 жыл аралығында артық салмағы бар бес жасқа дейінгі балалардың саны 1,6 миллионнан 3,2 миллионға дейін екі есе өскен. Бұл - көп қозғалмаудың, дұрыс ұйықтамаудың салдары. Бұл өз-өзін төмен бағалап, оқу үлгерімінің нашарлауына және ересек өмірде де семіздікке ұшырауға әкеп соғады ",  - дейді денсаулық сақтау және дұрыс тамақтану бойынша аймақтық маман Амирхоссейн Ярпарвар.

Аймақтағы азық-түлік және тамақтану жүйесін басқару балаларды аталған ауыртпалықтан қорғай алмады, демек мемлекет балалар мен жасөспірімдердің салауатты тамақтануын қамтамасыз етуге қаражат бөлуі керек. 

Аталған шараны Дүниежүзілік БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы мен азық-түлік бағдарламасының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырып отыр.

0 пікір
Мұрағат