Ортаазиялық шенген 2019 жылы пайда болуы мүмкін
Ортаазиялық шенген 2019 жылы пайда болуы мүмкін
5 жыл бұрын 3899 naryk.kz

Қазақстан мен Өзбексатанның визаларын өзара мойындау туралы келісім келер жылдың соңында күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі. 

Министрлік мәліметінше, ол үшін құжатты екі елдің парламенті ратификациялау керек.

Ресми мәлімдемеге сай, Ұлы Жібек жолы трансұлттық туристік бағдары бойынша өзара визаларды мойындау режимі екі елдің ортақ визасы болады деген сөз емес. Аталған құжат бар болғаны екі ел бірінің визасын бірі мойындайды.

«Қазіргі таңда екі елдің үкіметі өзара мойындалатын туристік визаны қабылдау келісімінің жобасын дайындап қойды. Келісім жобасын қазір әр мемлекет өз ішінде қарастырып жатыр», — деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, екі елден бөлек Түркі Одағы да бұл мәселені белсенді талқылап жатыр.

Сонымен қатар, бірінің визасын бірі мойындау бастамасы Каспий жағалауындағы бес мемлекет арасында да талқыға түсуде. Олар Каспий бойында круиз бен трансшекаралық туризмді дамытуды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан Silk Road атты жаңа виза құру мәселесін қарастырып жатыр.

0 пікір
Мұрағат