Бір ғана елден эвтаназиядан қанша адам өлді
Бір ғана елден эвтаназиядан қанша адам өлді
5 жыл бұрын 4635 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Белгия полициясы елде тұңғыш рет тіркеліп отырған эвтаназия бойынша қылмысқа байланысты тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің таратхан хабарына қарағанда, белгиялық полиция аутизмнің аса ауыр түрі - Аспергер синдромынан азап шеккен Тина Нис (Tine Nys) есімді 38 жастағы пациентке 2010 жылы жасалған қате эвтаназия бойынша үш психиатр дәрігерді айыптап отыр. Дәрігерлердің қолынан мерт болған науқастың отбасы мен туған-туыстары өткен жылы полицияға Тина Нисті улап өлтірді дегенге саятын шағым түсірген. Олардың айтуынша эвтаназия процедурасында көптеген ағаттықтар жіберілген. Аталған қылмыс бойынша айыпталған дәрігерлердің бірі Тина Нистің отбасына бар кінәні аудармақ болды. Ол: "Олар жаны жаралы, жарақат алған отбасы. Қоршаған ортаға еш құрметі жоқ",- деп мәлімдеді. 

Белгияда ауыр психикалық ауытқушылыққа ұшыраған пациенттерге эвтаназия қолдануға рұқсат берілген. Заңмен. 2002 жылдан бері аталмыш елде 10 мыңнан аса адам эвтаназиядан көз жұмған. 

0 пікір
Мұрағат