Орта Азияда тоқыма өнеркәсібінен көш бастаған ел бір тоқсанда 630 млн доллардан аса табыс тапты
Орта Азияда тоқыма өнеркәсібінен көш бастаған ел бір тоқсанда 630 млн доллардан аса табыс тапты
4 жыл бұрын 3293 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстаннан шетелге экспортталатын тоқыма өнімдерінен бір тоқсан ішінде, дәлірегі, қаңтар мен наурыз айлары арасында 637,7 миллион доллар табыс түскен, осылайша аталған елдің тоқыма өнімдерінің экспортынан түсетін табыс өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 37,8 пайызға өскен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Өзбекстанның тоқыма өнеркәсібі қауымдастығының келтірген дерегіне жөн сілтеген aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылдың алғашқы тоқсанында аталған елдің тоқыма өнімдерінің экспортынан түскен табыс 462,8 млн долларды құраған болатын. Биыл Өзбекстан тоқыма өнімдерінің 364 түрін экспорттаған екен. Әлемнің 54 еліне. Соның ішінде сұранысы жоғары мақтадан иірілген жіптің өзінен 349,8 млн доллар пайда көрсе, дайын тоқыма және тігін өнімдерінен 147,5 млн доллар табыс тапқан, сондай-ақ, кестелі маталардан 28 млн доллар, жібек пен жібек өнімдерінен 11,5 млн доллар, кілем өнімдерінен 8,5 млн доллар пайда көріпті. Биыл өзбектердің тоқыма өнімдерін импорттаған елдердің арасында Ресей көш бастаған - 209,4 млн доллар, Қытай - 170,1 млн доллар, одан кейінгі орында Қырғызстан тұр - 84 млн доллар, Түркия - 65,9 млн доллар, Полша - 15,4 млн доллар, Иран - 11 млн доллар. 

0 пікір
Мұрағат