Орта Азия елі жасанды зердені асыра пайдаланғандарға жаза қолданады
Орта Азия елі жасанды зердені асыра пайдаланғандарға жаза қолданады
1 ай бұрын 477 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан сенаты жеке мәліметтерді заңсыз өңдеуден бастап, белгісі жоқ контент жасауға дейінгі мақсатта жасанды зерде технологиясын асыра пайдаланғандарға жауапкершілік қарастырылған заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы CentralAsia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңда жасанды зерде ұғымына ресми анықтама берілген әрі оны қолданудың қағидалары бекітілген. Бұдан былай, Өзбекстан аумағындағы компаниялар АІ жүйесі мен сервистерін құратын кезде жеке мәліметтерді қорғауға және алгоритмдердің ашықтығына қатысты заң талаптарын ескеруі тиіс және сақтауы керек. Заң талаптарын бұзғандарға 50-ден 100-ге дейін базалық есептік мөлшерде айыппұл салу, 15 тәулікке дейін қамауға алу және жабдықтарды тәркілеу көзделген. Нейрожелілердің көмегімен жасалған контенттің арнайы таңбасы болуы тиіс. Адамдардың құқықтарына әсер ететін шешімдерді АІ алгоритмдері бойынша ғана қабылдауға болмайды - адамның қатысуы міндетті. Сенаторлардың пікірінше, түзетулер технологияларды қауіпсіз дамыту және дербес деректерді қорғау сапасын жақсарту үшін қажет. Құжат президентке қол қоюға жіберілді

0 пікір
Мұрағат