Орманды отамай сақтаған елдер сыйақы алады
Орманды отамай сақтаған елдер сыйақы алады
5 жыл бұрын 2870 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Габон Африка құрлығындағы алғашқы ел – жаһандық жылынуға қарсы күресте тропикалық орманды отамай сақтағаны үшін марапатталмақ. ВВС Africa теле-радио компаниясының таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, Норвегия аталмыш елге 150 млн доллар сыйақы береді. Он жыл ішінде. Орманды отамай, ағаш кесуді азайтқаны үшін. Габон аумағынан ағып өтетін Конго өзені бойындағы сыңсыған орман-тоғайды қоршаған ортаны атмосфераға бөлінген көміртекті ластаушыдан қорғау үшін сақтайды. Бұл жайында Габонның қоршаған орта министрі Ли Уайт мәлім етті. Осы жылдың қыркүйек айының 22-сі күні аталған елдер арасындағы бекітілген келісім-шартқа сәйкес Норвегия тарапы Габонға атмосфераға бөілнбеген көміртектінің әр тоннасы үшін 10 доллардан төлеп отыратын болды. Бұл есеп 2005-2014 жылдар аралығында Габондағы көміртектің атмосфераға бөліну көрсеткішінің орташа көрсеткіші негізінде жасалған еді. Он жылғы шаққанда жиынтық сомасы 150 млн долларға жеткен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Габон аумағының 90%-ға жуығы тропикалық орман-тоғаймен көмкерілген. Аталмыш ел 2000 жылдан бері 13 ұлттық саябақ ашып, орман-тоғайды қорғау бағытында экологиялық жобаны жүзеге асырып келеді.

0 пікір
Мұрағат