Оқытушылар мен студенттар арасындағы қатынасқа тыйым салынады
Оқытушылар мен студенттар арасындағы қатынасқа тыйым салынады
4 жыл бұрын 3191 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Оксфорд университетінің басшылығы таяу уақытта оқытушылар мен студенттар арасындағы кез келген романктикалық қатынасқа тыйым салуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Беделді жоғарғы оқу орнының басшылығы мұндай қадамға романтикалық қатынастың студентке де, оқытушыға да зардабын тигізуі мүмкін екенін ескергеннен барып отыр. Оқытушының да мансабына, студенттің оқу үлгеріміне зиянын тигізуі мүмкін мұндай қатынасқа барғандар анықталып жатса, оларға ескертуден бастап, оқудан шығаруға дейін түрлі шаралар қолданылады. Оқытушылар үстінен осындай әрекеті үшін шағымданған студентке оқытушы тарапынан қысым көрсетілуі мүмкін. Егер аталмыш тыйым енгізілер болса, онда Оксфорд университеті Ұлыбритания аумағында мұндай шешім қабылдаған екінші жоғарғы оқу орны болмақ. Лондонның университеттік колледжінде (Рассел тобының алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі) мұндай тыйым осы жылы енгізілген болатын. Бұдан бөлек, АҚШ-тағы Гарвард және Йель оғарғы оқу орындарында академиялық персоналдар мен студенттер арасында мұндай қатынасқа тыйым салынғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат