Оқушыларға анайы фильмдерді көрсетуді ұсынды
|
Данияда Ольборг университетінің төсек тәрбиесінен сабақ беретін профессоры Кристиан Граугардтың аузымен жаға ұстатар ұсыныс айтылды: жоғары сынып оқушыларына порно көрсету турасында. Бұл жайында Nationalt ақпарат көзі хабар таратты.
Оның айтуынша, өзінің ұсынысы қабылданатын болса, бұл өз кезегінде жасөспірімдерге ересектер фильмі мен нақты өмір шындығы арасындағы айырмашылықты түсінуіне көмектеседі екен. «Мен балаларға берілетін төсек тәрбиесіне қатысты білімнің қызықсыз өткеніне қарсымын. Олар мұндай фильмдерге сын көзбен қарап үйренеді»,- деді ол. Статистикалық мәліметтерге қарағанда Скандинавиядағы 18 жасқа дейінгі бозбалалардың 99 пайызы, ал бойжеткендердің 86 пайызы ересектерге арналған фильмдерді көрген. Данияда 1967 жылы порнографияға тыйым салынғанымен келесі жылы оны заңдастырған әлемдегі алғашқы ел атанды. Сауалнама нәтижесіне қарағанда, әйелдердің үштен бірі, ал ерлердің төрттен бірі ұятсыз фильмдерді көретін болып шықты. Ұлыбритания мен Швецияда да порно мектеп қабырғасында көрсетіледі.