|
Оқушылар мектепте қажылық рәсімдерін үйренуде
|
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мектептердің бірінде оқушыларға қажылық парызын орындаудың қыр-сырын үйрету үшін қасиетті Қағбаның шағын көшірмесі қойылды. Ихрам киюден бастап, қажылықтың өзге де міндетті рәсімдерін балғындарға үйрету үшін тәжірибе жүзінде қалай орындау керектігі көрсетілді. Тек естіп қана қоймай, сонымен қатар, көргеніндерін көңілдеріне түйген оқушылар мен олардың ата-аналары бұл шара үшін мектеп әкімшілігі мен ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Осынау шараға 600-ден аса мектеп оқушысы қатысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті