Оңтүстік Суданда 14 млн адам босып кетті
Оңтүстік Суданда 14 млн адам босып кетті
1 сағат бұрын 39 24.kz

Оңтүстік Судандағы гуманитарлық дағдырыстың күшейіп бара жатқанын хабарлады 24.kz 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, үшінші жылға созылған соғыстан 21,2 миллион адам аштық алдында отыр. Бұл – халықтың 41 пайызы. 14 миллион тұрғын үй жайын тастап, бас сауғалап кеткен. Біріккен ұлттар ұйымы бұл жағдайды әлемдегі ең ірі көші-қон және аштық дағдарысына әкелген қақтығыс деп сипаттады.

Ұйымның Қауіпсіздік кеңесі Дарфур және Кордофан штаттарындағы зорлық-зомбылықтың ушығуына байланысты алауңдаушылық білдіріп, әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды. Өйткені, шабуылдардың басым бөлігі бейбіт тұрғындарға, азаматтық нысандарға, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлеріне қарсы жасалған. Әсіресе, дрон шабуылдары күрт көбейген. Судан дәрігерлер желісі таратқан мәліметке сәйкес, кейінгі шабуыл салдарынан 28 адам қаза тауып, 39 адам жараланған.

Сомалиде 6,5 млн адамға аштық қаупі төнді

Сомалиде алты жарым миллион адам құрғақшылықтың кесірінен азық-түлік тапшылығына тап болды. Біріккен ұлттар ұйымының деректеріне қарағанда, шұғыл қаржылық қолдау көрсетілмесе, халықтың үштен бірінен астамы ашаршылыққа ұшырауы мүмкін. Әсіресе, өскелең ұрпаққа қауіп төніп тұр. Бес жасқа дейінгі балалардың төрттен бірі ауыр жағдайда және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж. Еске салайық, ұзаққа созылған қуаңшылыққа байланысты елде төтенше жағдай режимі өткен жылдың қараша айынан бастап жалғасып келеді. Жауын-шашынның жетіспеушілігі он мыңдаған адамды өз шаруашылықтарын тастап кетуге мәжбүр етті.

 

0 пікір
Мұрағат