|
Оңтүстік Кореяда 10 жылда семіздікке шалдыққан оқушылар саны 2,5 есе өсті
|
Кейінгі 10 жылда Оңтүстік Кореяда семіздікке шалдыққан оқушылар саны 2,5 есе көбейді, деп хабарлады 24.kz
Ересектер арасында да 11 пайызға артқан. Дәрігерлер мұны жастардың фастфудқа құмарлығынан дейді. Біраз жыл бұрын Кореяда семіздік ресми түрде ауру ретінде мойындалып, тегін ем-дом тағайындалған. Қазір бұл елде асқазанды кішірейту операциясы жасалады.
Бір қызығы, елдегі 40 жастан асқан тұрғындар арасында семіздікке шалдыққан әйелдердің саны ерлерге қарағанда екі есе аз екен. Бұл әйелдердің денсаулыққа көбірек көңіл бөліп, белсенді өмір салтын ұстанатынын көрсетеді. Ал жасөспірімдер мен жастар арасында семіздіктің көбейе түсуі цифрландырумен де тығыз байланысты дейді дәрігерлер. Өйткені, балалар бос уақытында телефонға көп қарайды, аз қозғалады.
Сергей Ким, Сеул ұлттық университетінің бунданг ауруханасының дәрігері: - Яғни, бұрын өсімдіктерге негізделген тағам көп болса, қазір, әрине, фастфуд, Батыстан келген тағам – гамбургерлер, пицца кең таралған. Бұл соңғы уақытта аса пайдалы деп саналмайтын азық-түлік түрлері. Оған қоса, қимыл-қозғалыстың азаюы да бар. Сіз білетіндей, Кореядағы балалар өте көп оқиды, сондықтан олардың күні бойы қозғалыссыз, отырып өткізетін өмір салты қалыптасқан.