"Өлім тобына" қарсы заң қабылданды
"Өлім тобына" қарсы заң қабылданды
7 жыл бұрын 3444 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Құдайы көршіміз - Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді адам психикасына аса қауіпті ойындарға тартатын "өлім тобы" аталып кеткендерді жазалауды қарастыратын Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерді мақұлдады. Қылмыстық кодекске енгізілген тиісті түзетуге 408 депутат дауыс берген. Тарқатып айтқанда, "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу немесе өз-өзіне қол жұмсауына ықпал ету" 110.1  және "Азаматтарды өз-өзіне қол жұмсауына мәжбүрлеумен байланысты әрекетті жүзеге асыру" 110.2 жаңа баптары Қылмыстық кодекске енгізілген болатын. Аталған баптар бойынша жауапқа тартылғандар кінәсі сотта дәлелденсе, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Аталмыш түзетуде балаларды және аяғы ауыр әйелдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелегендер, сондай-ақ, ғаламтор арқылы қауіпті әрекетке тартқандар төрт жылға дейін абақтыға жабылады. Егер өз-өзіне қол жұмсап өлсе, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Суицид жасауға әлеуметтік желі арқылы үндегендер алты жылын дейін темір тордың ар жағында өткізеді. Айта кетейік, ресейлік сайттар менәлеуметтік желілерде, атап айтқанда, «ВКонтакте» желісінде "өлім тобына" кіргеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған ондаған бала туралы ақпарт тараған болатын. Соңғы уақытта індет секілді адам санасын шырмап алатын әлеуметтік желідегі қауіпті топтарды заңмен тоқтатуды көздейді. 

0 пікір
Мұрағат