АҚШ-та ең жойқын апат орын алуы ықтимал
АҚШ-та ең жойқын апат орын алуы ықтимал
7 жыл бұрын 5017 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Принстон университетінің ғалымдары ел үкіметінің тәуелсіз агенттіктерінің бірегейі – Ядролық реттеу жөніндегі комиссияны ұлттық атом электр станцияларында аса ірі апаттың орын алу ықтималдығын бағалауды дұрыс талдамағаны үшін қатаң сынға алды. Бұл жайында Science News ақпарат көзі хабар таратты. Сарапшылардың пайымдауынша, аталмыш комиссия ел аумағындағы АЭС-тердің көбісі ядролық қалдықтарға жақын орналасқанын жете ескермеген. Қолданыстан шыққан материалдың тез тұтануы қоршаған ортаға радиоактивті залал келтіретіні сөзсіз. Оның салдары жойқын. Мамандардың сөзіне қарағанда, бір ғана АЭС-тегі апат салдарынан болатын тіршілік пен қоршаған оттаға аса қауіпті радиоактивті ластану аумағы Нью-Джерси штатының жер көлемінен де асып кетеді. Жаман айтпай жақсы жоқ, егер ядролық апат орын ала қалса, мұндай жағдайда сегіз миллион адам қауіпсіз аймаққа көшіріледі. Ал экономикалық шығы екі триллион доллардан асып кетеді. Апаттың алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануы керек аталмыш комиссия. Ал аталған тәуелсіз агенттікке бұл олқылықтың орнын толтыруына ядролық өнеркәсіп өкілдері кедергі келтіріп отыр. 

0 пікір
Мұрағат