Өлім жазасының жаңа түрі сынақтан өтеді
Өлім жазасының жаңа түрі сынақтан өтеді
6 жыл бұрын 4145 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі ең демократиялы ел саналатын АҚШ-тың үш бірдей штатында, атап айтқанда, Оклахома, Миссисипи және Алабамада көп ұзамай өлім жазасының жаңа түрі сынақтан өткізілмек. Дәлірегі, өлім жазасына кесілген қылмыскерді азотпен мәжбүрлеп тыныс алдырмақ. Ең ауыр жаза түріне жататын өлім жазасының өзі "түрленіп", "жетілдіріліп" келеді. Бұған ауыр қылмыстардың жиілеуі себеп болып отыр. Заңға бағындыру үшін аталмыш штаттардың билігі осындай қадамға баруға мәжбүр. Қылмыскерді ату жазасына кесу - көп жанын қинамай өлтіру болғандықтан қылмыскерлер айылын жимайды. Швейцариялық Le Temps мерзімді басылымы жазғандай, мұндай өлтіру тәсілі малды соярда қолданылған екен. Сондай-ақ, аталған штаттардың билігі мұндай қатал тәсілге адамды өлтіретін иньекцияның тапшылығынан барып отыр. Өйткені, өлім жазасына қарсы Еуропа елдері, соның ішінде еуропалық фармацевтикалық компаниялар АҚШ-қа байкот жариялағандықтан осындай қадамға барып отырғандарын айтып, ақталып бағуда. Десе де 2016 жылы The New York Times ақпарат көзінде азотты жарнамалаған еуропалық фармацевтикалық компания өкілдерінің сөзіне қарағанда, азоттан адам қиналмай өледі. Бұл тәсіл қолданылған жағдайда, адам азотты қабылдаған соң төрт минуттан кейін жан тапсырады. Десе де сарапшылар азот ингаляциясының көмегімен өлтірудің қаншалықты қылмыскерді қинайтынын әрі қаншалықты тез өлетінін дәп басып айты алмай отыр. 

0 пікір
Мұрағат