Өлім жазасы бойынша Таяу шығыс елдері көш бастап тұр
Өлім жазасы бойынша Таяу шығыс елдері көш бастап тұр
2 жыл бұрын 1436 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биылдың өзінде Саудияда 100-ден аса адам өлім жазасына кесілген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде халықаралық құқық қорғау ұйымдары келтірген дерекке жөн сілтеген New York Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы күллі әлем бойынша 579 адамға өлім жазасы кесілген екен. Бұл көреткіш оның алдындағы 2020 жылмен салыстырғанда  20%-ға артқан. Бір ғана Иранның өзінде кем дегенле 314 адам өлім жазасына кесілген. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш шиғалар елінде 246 болған. Парсы елінде өлім жаасына кесілгендердің дені есірткімен байланысты айыпталған. Ал Таяу шығыс аймағындағы ірі державалардың бірі саналатын Саудия да бұл жағынан көштің басынан көрінген – бір ғана наурыз айында 81 адам өлім жазасына кесілген. Бангладеште 2021 жыы 181 өлім жазасы, Үндістанда 144 өлім жазасы, Пәкістанда 129 өлім жазасы қоданылған. Еуропалық ұйым мәліметінше, Саудияда жыл басынан бері 120 адам өлім жазасына кесілген. Олардың шамамен 100-і саудиялық азаматтар болса, қалғаны өзге елдің азаматтары – йемендіктерден он адам, үш мысырлық, екі индонезиялық, бір эфиоптық, Мьянманың бір азаматы, бір иордандық, бір палестиналық және бір сириялық.  Ал оңтүстік-шығыс Азиядағы шағын болғанымен саяси тұрақсыздық пен этникалық араздық өршіп тұрғандықтан әскери жағдай енгізілген Мьянмада 90 адам өлім жазасына кесілген.

Ұқсас материалдар:

«Ең шығыны көп жаза – өлім жазасы: бір өлім жазасының өзі 4 млн долларға жуық шығынды қажет етеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/en-shygyny-kop-jaza-olim-jazasy-bir-olim-jazasynyn-ozi-4-mln-dollarga-juyq-shygyndy-qajet-etedi-12563/#gsc.tab=0);

«Өлім жазасы қылмысты тыйя ма?» (https://islam.kz/kk/news/alem/olim-jazasy-qylmysty-tyiya-ma-15720/#gsc.tab=0);

«Өлім жазасы ең көп қолданылатын елде өлім жазасына қатысты талаптар жұмсартыла бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/olim-jazasy-en-kop-qoldanylatyn-elde-olim-jazasyna-qatysty-talaptar-jumsartyla-bastady-15308/#gsc.tab=0);

«Өлім жазасын орындау тәсілдері ұлғайтылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/olim-jazasyn-oryndau-tasilderi-ulgaityldy-14466/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат