ОЛАР 21 САҒАТ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ
ОЛАР 21 САҒАТ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ
8 жыл бұрын 4405 muslim.kz

Исландия республикасының мұсылмандары Рамазан айында күн ұзақтығына байланысты биыл тәуліктің 21 сағатында ауыз бекітеді.

Айта кетейік, әлем бойынша 1,6 млрд мұсылман қасиетті Рамазан айында күндіз ішіп-жеуден тыйылып, ораза ұстайды.

Экваторлы аймақтарда және Оңтүстік жарты шарда өмір сүретін мұсылмандар үшін ораза уақытында аптап ыстық салдарынан қиыншылықтар кездескенімен, қиыр Солтүстік тұрғындары бұдан да жоғары сынақтарды өткереді.

Мәселен, Исландия астанасы Рейкьявикте күннің ұзақтығы 21 сағат. Таң намазы 2:09-де кіріп (сәресі), кешкі ақшам намазы, яғни, ауыз ашар уақыты 0:04-те енеді. Рейкьявик мұсылмандарына осылайша екі сағаттан кем уақыт тамақтанып, құлшылық қылуға қалады.

Алясканың Анкоридж қаласында қазіргі уақытта ауыз бекіту ұзақтығы 19 сағат, Хельсинкиде – 18 сағат болса, Аргентина астанасы Буэнос-Айресте ораза ұзақтығы – небәрі 9 сағат.

Исламның бес тірегінің бірі саналатын, Құранда бұйырылған ораза қасиетті Рамазан айында барша мұсылман баласы парыз етілген. Дегенмен, ислам – кеңшілік діні болғандықтан, сырқатты жандар мен жүкті әйелдерге, қарт кісілер мен жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат