NATO құрамындағы пайдасыз елдер аталды
|
АҚШ-тағы Катона институтының аға ғылыми қызметкері Тед Гален Карпентер солтүстік саяси-әскери альянсқа (North Atlantic Treaty Organization – NАТО) мүше болғанымен әскери жәрдем бере алмайтын елдерді атады. Америкалық сарапшы бұл елдерді National Interest мерзімді басылымында жарияланған мақаласында атаған. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол аса қуатты аталған одақ құрамындағы шағын, әлсіз, әскери әлеуеті төмен елдер қатарына Албанияны, Словенияны, Черногорияны және Солтүстік Македонияны жатқызды. Тіпті, аталмыш елдерді НАТО-ға масыл болып отырған елдер деп атады. Сөз орайы келгенде бүгінгі таңда НАТО құрамына 30 ел кіретінін айта кетпекпіз.
НАТО бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, дәлірегі, 1949 жылы көп ұзамай батыс елдеріне (Еуропа, АҚШ, Канада) КСРО тарапынан төнетін ықтимал қауіптің бетін қайтару үшін құрылған саяси және әскери ұйым.