Наносекунд қару ретінде: квантты сағат Британияны қорғайды
Наносекунд қару ретінде: квантты сағат Британияны қорғайды
3 сағат бұрын 56 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алдағы бес жылда Британ қарулы күштерінің қарамағында бірегей құрылғы – қорғаныс ғылымы мен технологиясы зертханасының (Dstl) білікті мамандары жасаған кванттық сағат болады. Бұл жайында islam.kz порталы securitylab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы сәтке дейін бұл дерек мейлінше құпия сақталды. Таяуда аталған елдің қорғаныс министрлігі жария етті. Атом сағаты технологиялық жетістіктердің шыңы саналып келген еді. Цезия – 113 атомдарының ауытқуына негізделген тетігі мейлінше дәлдікті қамтамасыз етеді: бір секундтағы кінәрат 300 млн жылда бір рет орын алады. Дегенмен, квантты хронометр мүмкіндігімен салыстырғанда бұл көрсеткіштің өзі пәс. Кванттық сағаттар, кванттық механика негізіндегі әсіре дәл өлшеу аспаптары мүлдем басқа принципке ие. Олар бір секундтың қателігі 30 млрд жылдан астам уақыт жиналатындай етіп энергетикалық күйлер арасындағы атомдардың ауысуын қадағалайды. Мұндай дәлдік әскери сала үшін мүлдем жаңа көкжиектер ашады. Dstl мамандары далалық сынақтарды бастады. Қазір олар құрылғының көлемін азайту және оны қолданыстағы қорғаныс жүйелеріне орнату бойынша жұмыс жүргізуде. Аталмыш технология GPS дәлдігінен кем түспейтін навигациялық жүйені құруға мүмкіндік береді. Ол жау сигналды құмықтыруға немесе ауыстыруға тырысқанда да жұмысын жалғастырады. Дәлдігі жоғары синхрондау процесі әскери байланыс арналарының тұрақтылығын арттырады. Басқарылатын зымырандарды қоса алғанда, қару-жарақ жүйелерінің дәлдігі де арта түседі. Бұдан басқа, мұндай сағат кибершабуылдардан қорғану қабілетін күшейтеді: қауіпсіздік тетіктерінің реакция уақыты миллисекундқа дейін қысқарады.

Ұқсас материал:

Қытай ғалымдары болашақтағы соғыстың сипатын өзгерту жолын тапты

0 пікір
Мұрағат