Мысырда туристерге арналған бірегей жоба іске қосылады
Мысырда туристерге арналған бірегей жоба іске қосылады
2 жыл бұрын 1359 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Кирилл Каллиников / РИА Новости

Мысыр билігі ел аумағында шетелдік туристер үшін ссалықтық жеңілдікті ұсынатын Tax Free жүйесін тезірек іске қосудың қамына жеделдете кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы Ресей Федерациясының туристік опретаорлар қауымдастығының сайтына (atorus.ru) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пирамидалар елінің министрлер кабинеті Global Blue Egypt ұлттық компанияның бұл тараптағы жобасын мақұлдады. Көп ұзамай елдің халықаралық мәртебесі бар әуежайларында жүзеге асырыла бастайды. Аталмыш жүйені 2022 жылдың қараша айында іске қосып қалуы мүмкін. Туристерге қосымша құн салығын қайтару процедурасы стандартты халықаралық схема бойынша жүзеге асырылады - елден шықпас бұрын сіз арнайы Tax Free дүңгіршектеріне хабарласуыңыз керек, онда сіз 1500 мысыр фунтынан аса қаржыға сауда жасасаңыз, қаражатыңыздың бір бөлігін ала аласыз.

0 пікір
Мұрағат