Мысырда сәндік өсімдіктер өсіруге тыйым салынады
Мысырда сәндік өсімдіктер өсіруге тыйым салынады
3 жыл бұрын 2751 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мысыр президенті Әбдіфаттах ас-Сиси елде сәндік (декоративтік) өсімдіктерді өсіруге тыйым салуды бастама етіп көтерді. Бұған соңғы жылдары қатты біліне бастаған елдегі су тапшылығы итермелеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Sada Elbalad ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мысыр президенті бұл бастамасын пирамидалар елінің аса ірі ауылшаруашылық кешенін ашу салтанатында көтерді. Мемлекет басшысының айтуынша, сәндік өсімдік суды көп тұтынады, ал бұл жайт өз кезегінде елдегі су тапшылығын одан ары тереңдетеді. Осылай деген Мысыр президенті суды адамның өмір сүруіне ең қажетті тек жеміс салатын өсімдіктерге жұмсаудың маңыздылығына тоқталды. Халық саны көп, азық-түлік қауіпсіздігі төмен әрі құрғақшылық жайлаған аймақта суды есеппен шығындауды талап етіп отыр.

0 пікір
Мұрағат