Мысыр «жаналғыш» мемлекетке айналып барады
Мысыр «жаналғыш» мемлекетке айналып барады
4 жыл бұрын 4674 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Мысыр өлім жазасына кесілгендер қарасы бойынша әлемде жетекші елдердің біріне айналып барады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл үрдіс аса беделді Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының мамандарын алаңдатып отыр. Тек осы жылдың қазан және қараша айларында кем дегенде 57 адам өлім жазасына кесілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы барлық өлім жазасынан екі есе көп. 2019 жылы пирамидалар елінде 32 адам өлім жазасына кесілген екен. Жоғарыда аталған халықаралық құқық қорғау ұйымының өкілдері аталған елде өлім жазасына кесілгендер қарасы ресми деректен де көп болуы мүмкін екенін айтып, күмән білдіріп отыр. Өйткені, біріншіден, мысыр билігі әлем қауымдастығының наразылығын тудырмасы үшін бұл тараптағы статистикалық мәліметті жасырады, екіншіден, кейбір жергілікті ақпарат көздері келтірген мағлұмат бойынша қазан айының өзінде ғана 91 адамға өлім жазасы қолданылған. Өлім жазасына кесілгендердің 15-і саяси тұтқындар, оларға тағылған айыпты мәжбүрлеп мойындатқан. Бұдан бөлек, сот талқысында айыпталушылардың құқығы бір емес, бірнеше мәрте бұзылған. Мұндай өлім жазасы монархиялық тәртіп үстемдік еткен орта ғасырдың өзінде болмаған шығар... Amnesty International ұйымының Солтүстік Африка мен Таяу шығыстағы өкілі Филипп Лютер осылай деп отыр.

0 пікір
Мұрағат