Мысыр билігі пирамидалар алдындағы «орынсыз» фотосуреттер үшін жазалауды жоспарлап отыр
Мысыр билігі пирамидалар алдындағы «орынсыз» фотосуреттер үшін жазалауды жоспарлап отыр
2 жыл бұрын 2477 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі елдің мақтанышы мен символына айналған пирамидалар мен өзге де көрнекі орындарда «орынсыз» немесе «жүгенсіз» фото-суретке түсуге тыйым салатын ережені қолдануысқа енгізуді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы АТОР ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай заңғы қайшы әрекеттердің алдын алу үшін туристік полицияның штаттық санын көбейту, тарихи орындардың айналасындағы қоршаулардың аумағын кеңейту және қатаң айыппұлдар жүйесін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, жаза ретінде ескерткіштер аумағында қоғамдық тазалық жұмыстарын енгізу ұсынылады. Мысыр депутаттары осы жылдың соңына дейін жаңа ережелер жинағын қарастыруды жоспарлап отырғаны нақтыланды. Мысыр билігі қараша айының 7-і күні шетелдік әйелдің Сфинкспен суретке түсу үшін киімін шешкен оқиғадан кейін саяхатшыларға шектеу қою мәселесін тағы да көтерді. Осыдан кейін Мысырдың Туризм және көне жәдігерлер министрлігі шетелдік меймандардан мұндай жерлерге бару тәртібін белгілейтін ережелер мен заң талаптарын сақтауды сұрады. Осы орайда Андрей Чиселский 18 жастағы неміс турисіне Гизадағы Хеопс пирамидасының басына суретке  түсу мақсатында шыққаны үшін өмір бойына Мысырға кіруге тыйым салынғанын айта кетпекпіз. Мұндай шешімді Мысырдың Ежелгі мұралар министрлігі қабылдады.

0 пікір
Мұрағат