|
Мысыр азаматы қажылыққа бару үшін жерін сатты
|
Жасы жетпіске келген Абдулла Абдул Ғаффар есімді мысырлық қария қасиетті сапарға аттануды бала кезінен армандаған екен. Алайда, қысқа жіп күрмеуге келмеген. Артық-ауыс қаражат болмағандықтан осы жасына дейін арманына қол жеткізе алмаған көрінеді. Биыл соның сәті түсті. Әйелімен және балаларымен ақылдасып, өзіне тиесілі әл-Миньядағы азғантай жер телімін сатып, кіші қажылыққа (ұмра)аттанды. Ол исламның бесігі болған нұрлы әрі киелі шаһардан алған әсерінен көз жасына ерік беріп, Аллаға шексіз шүкіршілік білдірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...