Мыдаған британдық мұсылмандарды қорғауға арналған шарадан шет қалмады (Фото)
Мыдаған британдық мұсылмандарды қорғауға арналған шарадан шет қалмады (Фото)
8 жыл бұрын 2423

Ұлыбританияда мұсылмандарды исламофобиялық шабуылдар мен діни араздықтан және нәсілдік кемсітушіліктен қорғауға арналған флешмоб басталды. Бұл өзгеше шараға «Twitter» әлеуметтік желісінің қолданушысы, британдық азамат мұрындық болды. Флешмобқа қатысушылар  #SafetyPin хештегін пайдаланады. Ал аталмыш акцияның өзі мұсылмандарға қарсы агрессияның кез келген түріне қарсы түйреуішті пайдаланудан тұрады. Яғни, түйреуішті киіміне тағып қою арқылы мұсылмандарға қолдау білдіре алады. Бұл «менен қауіптенудің қажеті жоқ» дегенді білдірмек.

 Пользователи публикуют свои фото с булавками.

Акцияға қатысқандардың кейбірі әлеуметтік желіге фото-суреттерін салып та қолдау білдіруде

Бұл бастама авторының айтуынша, Австралияда өткен «I'll ride with you» акциясы ой салып, осындай флешмоб ұйымдастыруға мтермелеген. Австралиялықтар қауіпсіздігіне алаңдаған мұсылмандары үйіне, білім ордасына немесе керә қайтқанда оларды шығарып салуды ұсынған. "SafetyPin» деп аталатын ағылшындар акциясына мыңдаған адам қатысып, қолдау білдіруде. Айта кетейік, Ұлыбритания Еуропалық одақтан референдум арқылы шыққалы бері мұсылмандарға шабуыл жасайтындар қарасы көбейген.

0 пікір
Мұрағат