Мьянмада мұсылмандардың белгілі құқық қорғаушысын өлтіріп кетті
Мьянмада  мұсылмандардың белгілі құқық қорғаушысын өлтіріп кетті
8 жыл бұрын 2670

Кеше Мьянмада осы елдегі діни әрі этникалық азшылықты құратын рохиньялық мұсылмандардың саусақпен санарлық құқық қорғаушыларының бірі - есімі елге белгілі қорғаушы заңгер Ю Ко Ни кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы аталған елге жуырда келген ресейлік қорғаушы заңгер Мұрат Мұсаев өзінің Facebook-тағы парақшасында хабарлады. "Мьянмадан түн жарымында қайғылы хабар келді: Янгог әуежайында жергілікті мұсылмандардың санаулы қорғаушыларының бірін өлтіріп кеткен",- деп жазыпты ол әлеуметтік желіге. Мұсылман құқық қорғаушысының қалай қаза тапқанын былай тәпіштеген: "Жақында ғана билікке келген демократиялық партияның кеңесшісі, мұсылман қорғаушылары қауымдастығының құрылтайшысы Ю Ко Ни әуежай ғимаратынан немересін ертіп шыққаны сол еді, ту сыртынан баспалап келген қаскүнем оның желке тұсынан атып кетті. Қылмыскерді қолға түсірмек болған жергілікті таксиші де оның қолынан қаза тапты. Кісі қанын мойнына жүктеген адамды полиция ұстап алды. Ол бирмалық экстремизмнің жаңа ошағына айналған  Мандалай қаласында тіркелген Ю Кьи Лин есімді біреу". Ресейлік қорғаушы заңгердің айтуынша, қазіргі уақытта осы елдің байырғы тұрғыны болса да, яғни, ата-бабасының жерінде отырып, Мьянма азаматтағы берілмеген рохиньялықтарды будда радикалдары мен солардың сойылын соғып, жетегінде кеткен ел билігі ығыстырып, резервацияға ұшыратуда.

0 пікір
Мұрағат